Қазан төңкерісіне – 100 жыл
Биыл қазан төңкерісіне - 100 жыл. Тарихи оқиғаға байланысты Назарбаев Университетінде халықаралық конференция ұйымдастырылды. Шараға Оксфорд, Гарвард, Шығыс Финляндия сынды әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары мен отандық оқу орындарының өкілдері қатысты. Олар соңғы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, Қазақстандағы революцияның зорлық-зомбылық, өзара келісімдердің түйіткілдері мен тарихи мұра мәселелерін талқылады.
Николай Цыремпилов, Назарбаев Университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры:
- Конференцияның басты мақсаты – түрлі тарихи-зерттеу мәдениеттерін өзара байланыстыру. Мысалы, Кеңес үкіметі кезіндегі Ресейде «Қазан төңкерісі» туралы деректер сол кезеңге сай жазылған. Ал, Қазақстанның бұл оқиғаға байланысты өз көзқарасы бар. Сондықтан, бұл шара ортақ тарихымызды терең түсінуге мүмкіндікдік беретініне сенімдемін.
Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы