Сенат Қазақстан мен Қатар арасындағы құқықтық көмекке қатысты заңды мақұлдады
Сенатта бүгін Қатар мемлекетінде жасырынып жүрген қылмыскерлерді елге қайтару жөнінде келісім қаралды. Бұл құжат бір жыл бұрын Доха қаласында бекіген. Бұдан бөлек депутаттар екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы заңды талқылады. Онда күдіктілердің кінәсін дәлелдеуге бағытталған іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Яғни қажет болған жағдай қылмысқа қатысы бар куәгерлерді, жәбірленуші мен сарапшыларды шақырту көзделген. Бұл арқылы тараптар құқықтық ынтымақтың тиімділігін арттырып, екіжақты қатынастарды нығайтпақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бүгін қабылданған заңдар екі елдің құқық саласындағы ынтымақтастығының нығайтуды көздейді. Бұл келісімдер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта аталған заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05