«Отпан тау» кешеніне 10 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отпан тау» кешеніне 10 жыл толды

31.10.2017

Маңғыстаудағы «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің құрылғанына он жыл толды. Теңіз деңгейінен 532 метрде орналасқан Маңғыстаудың ең биік шоқысында кезінде «ұран» оты маздаған. Ал бүгінде жыл сайын «бірлік оты» жағылады. Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы  болған тарихи мекенде қазақтың үш арысы Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің құрметіне «Үш би» монументі салтанатты түрде ашылды. Мерейтойға орай, мәдени шаралар, спорттық жарыстар өтті. Сондай-ақ, қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық өнер ұлықталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

Зейнолла Алшынбаев, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Ұлысымыздың көсемдері болған атақты билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге кейінгі ұрпақтың ризашылық белгісіндей әдемі ескерткіш орнатылған. Орны да жақсы таңдалған. Үштік одақ, үш жүз бұл әріден келе жатқан үрдіс.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу