Қазақ дизайнерлері өз туындыларын Мәскеу жұртшылығына кеңінен таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ дизайнерлері өз туындыларын Мәскеу жұртшылығына кеңінен таныстырды

25.10.2017

Ресей астанасында өтіп жатқан «Mercedes-Benz Fashion Week Russia» атты сән апталығында Аида Кауменова, Наиль Байкүшіков, Алексей Чжен, Динара Сәтжан сынды отандық дизайнерлер өз топтамаларын көрсетті. Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан сәнді киім үлгілері, жергілікті көрермендер мен мамандар тарапынан жоғары баға алды. «Mercedes-Benz Fashion Week Russia» – Шығыс Еуропа аумағындағы ең ірі фэшн индустрия шараларының бірі. Оған Қазақстаннан бөлек Ресей, АҚШ, Австралия, Грузия сынды көптеген шет мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Сән апталығы жаңа киім үлгілерін көпшілікке көрсетіп, өзара тәжірибе алмасу үшін таптырмайтын алаң саналады.

Аида Кауменова, дизайнер:

- Біз өзіміздің топтамамызда қазақтың стилін көрсетеміз. Мысалы, Алексей Чжен өз топтамасында графикалық формаларды жасайды. Ал, Динара Сәтжан Роза Бағлановаға арнап топтама жасап жатыр. Меніңше, Мәскеудің халқына біздің топтамаларымыз қызықты болады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу