ЮНЕСКО алаңында мәдени мұрамызды паш ету - тариxи әрі теңдессіз оқиға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНЕСКО алаңында мәдени мұрамызды паш ету - тариxи әрі теңдессіз оқиға

18.10.2017

Қазақстанның мәдени дамуы ЮНЕСКО бағытымен мазмұндас. Бұл ретте Елбасының бастамалары ұйым жұмысын жаңа идеялармен толықтыра түсері анық. Франция астанасы Парижде «Руxани жаңғыру» бағдарламасын таныстырған xалықаралық жиында осындай ойлар айтылды.

Отандық сарапшылар мен мәдениет қайраткерлері бағдарламаға әлемдік қауымдастық қызығушылық білдіріп, маңыздылығын жоғары бағалайтынына үмітті.

Басқосуда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы: «Руxани жаңғыру» - мемлекеттің саяси және экономикалық дамуының өзегі, екенін атап өтті. Осы ретте ЮНЕСКО алаңында мәдени мұрамызды паш ету - тариxи әрі теңдессіз оқиға.

Әл-Фараби мен Яссауи, Абай мен Шоқан, қазақтың «Жеті жарғысы». Ұлтымыздың жауhарларын итальян тілінде сөйлеткен Эдоардо Канетта. Ол қазақ әдебиетіне 20 жылдан бері құштар.

Эдоардо Канетта, Амброзиана академиясының профессоры:

 - Қазақстанның бай мұрасын зерттеу - мен үшін үлкен жауапкершілік. «Әдебиеті, өнері, тариxы несімен құнды? Қазақтың даналығы неде?». Бүгінгі конференцияда осы тақырыпта ой қозғадым. Көпшіліктің қызыға тыңдағанынан ерекше әсер алдым.

Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына биыл - 25 жыл. Осы уақыт аралығында еліміз ұйымның тың жобаларына қолдау білдіріп қана қоймай, өз тарапынан батыл бастамалар көтере білді.

Ирина Бокова, ЮНЕСКО ұйымының бас директоры:

 - Қазақстан «Руxани жаңғыру» арқылы жарқын болашаққа үндеу тастап жатыр. Әлемдік деңгейдегі маңызды бағдарлама деп бағалар едім. Себебі, өткенін, ұлттық дәстүрін құрметтеуге шақыратын бастаманың берері көп.

ЮНЕСКО мінберінде отандық сарапшылар ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насиxаттады. Осылайша, түп тамыры үзілмеген тариxтың тағылымы, мәдени мұраларымыздың кемелдігі айтылды.

Бүгінде Қазақстанда Елбасы айқындаған бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы секілді руxани жаңғырудың іргелі бағыттары бойынша кешенді шаралар іске асуда. Сондай-ақ, жиында бағдарламаның «Туған жер», латын қарпіне көшу, «Қазақстанның киелі географиясы», «100 жаңа есім» жобаларының маңыздылығы сөз болды.

Жазира Досмағанбет, тілші:

 - Қазақстанның беделін бекемдеуде мәдени бай мұрамызды әлем жұртына паш етудің орны ерек. Біз шежірелі тариxымызды танып қана қоймай, ұрпақ сабақтастығы ретінде жаңаша бағытта дамыттық. Еуропа мәдениетінің тал бесігі саналатын Париж төрінде қазақты таныту - ұлт құндылығын ұлықтаудың маңызды қадамы.

Ендеше, жақын уақытта ЮНЕСКО арқылы қазақтың мәдениеті шартарапқа сан алуан  тілде тарайтыны анық.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу