Ақтөбе облысында сауда нүктелері жаппай тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында сауда нүктелері жаппай тексеріліп жатыр

21.02.2025

Балалардың улану дерегі тіркелгеннен кейін Ақтөбе облысында сауда нүктелері жаппай тексеріліп жатыр. Эпидемиолог мамандар осы уақытқа дейін үш дүкеннен техникалық регламенттерге сай ешқандай белгісі жоқ өнім түрлерін тауып, тәркілеген. Қобда ауылындағы дүкеннен кептірілген ас шаянының 13 данасы алынып, сараптамаға жіберілді. Қорытындысы алдағы аптада шығарылады. Еске салсақ, екі күн бұрын дәл осы Қобда ауылында орта мектептің 4-сынып оқушылары уланып қалған еді. Балалардың бірі қытайлық белгісіз тағамды сатып алып, сыныптастарымен бөліскен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 7 бала мен тағы екеуіне улану диагнозы қойылды. Олар кеше үйлеріне шығарылды. Жағдайы қалыпты.

Райхан Қойшанова, облыстық Санэпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Жоспарымызға қосымша енгізіліп, бүгінгі таңда облыс бойынша дүкендерге мониторинг жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 219 дүкен мониторингпен қамтылды. Үш сауда нүктесінен табылып, тағам лабараториялық зертханаға тапсырылды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу