Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері Ұлытауға барды. Өңір тұрғындарымен кездесіп жаңа Конституция жобасындағы негізгі басымдықтарды түсіндірді. Сондай-ақ өндіріс орындарын аралап, жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайымен танысты. Жалпыұлттық коалициясы мүшелері «Kazkat» зауытының ұжымымен кездесті. Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары мен алдағы республикалық референдумның маңызы туралы айтып берді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтарын және еңбеккерлердің құқықтарын қорғау екенін атап өтті. Кәсіпорын жұмысшылары өз кезегінде конституциялық реформаны қолдайтындарын айтты. Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің сапары Шығыс Жезқазған кенішінде түйінделді. Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ең алдымен азаматтардың мүддесіне бағытталғанын және еңбек ұжымдары үшін айрықша маңызды құндылықтарды бекітетінін атап өтті.
Алтынай Алпамысова, металлург:
Біздің Конституциямызда адамның өмірі, құқығы, бостандықтары ең жоғары мәртебеге ие деп көрсетілген. Ол бізге еңбек адамдарына жүктелген жауапкершілік пен сенім деп есептеймін. Еліміз даму үшін үлкен еңбек керек. Біздің еліміздің болашағы білімді, еңбекқор азамат пен азаматшалардың қолында деп есептеймін. Баршаңызды Референдумға қатысып жаңа қазақстандық қоғамды бірге құруға шақырамын.
Тұрсынбек Мәкішев кенші, Қазақстанның еңбек ері:
Ата заңның ұлы далада мыңдаған жылдар салтанат құрған мемлекеттік жүйелердің сабақтастығы бар. Әділдік, заң мен тәртіп қағидаттарының негізгі ұстанымдары алынған. Еліміздің егемендігі, аумақтық тұтастығы құндылық болып, мызғымас құндылық болып бекіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы