Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
Қазақстанда қазір 123 миллиард киловатт-сағаттан астам электр өндіріледі. Егер осы қарқын бәсеңсімесе, еліміз энергияны да еселеп экспорттайды. Сондықтан биылдан бастап Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалаларындағы жылыту электр орталықтары жаңғырталса, Балқаш пен Екібастұзда энергоблоктардың құрылысы басталады. Жалпы елдегі энергия кешенедері етектен тартпас үшін недей жұмыс істелетінін сала мамандарынан тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты.
Өндіріс өскен сайын энергия мен қуат та көп жұмсалады. Сондықтан елдегі бұрын салынған стратегиялық кешендерді жаңғыртып жаңалары салынбақ. Былтырдан бері Екібастұздағы мемлекеттік ауданаралық электр стансасында екінші, үшінші, төртінші энергоблоктардың құрылысы басталды. Бірінші станса жаңғыртылуда. Ал 2032 жылға дейін үшінші станса бой көтереді. Нәтижесінде тек Павлодар өңірінде энергия өндіру көлемі 65% өседі. Қазір 8,5 мың МВт болса, 2032 жылы бұл көрсеткіш 14 мың МВт-қа жетеді.
Дәурен Смағұлов, ҚР Энергетика минстрлігінің басқарма басшысы:
Биыл еліміздің негізгі өңірлерінде 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары екі энергоблокта, төрт қазндықта және екі турбинада жүріп жатыр.
«Өскемен жылу электр орталағы қазір шаһардың 80 пайызына жылу мен энергия береді. Сексен жыл бұрын салынған стансының қондырғы мен құрылғылары 67 пайызға тозған. Дегенмен жыл сайын жаңғыртқанның арқасында тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Жандос Тұраров, «Өскемен ЖЭО» техникалық директорының орынбасары:
Жоспар бойынша 2026 жылы 9-қазандықта жөндеу жұмыстары өткізіледі. Оның ішінде 2 қазандық күрделі жөндеуден өтсе, үшеуі орташа жөндеуден өтеді. Стансаны кеңейту жобасы аясында нөмірі он үшінші турба қондырғымен нөмірі 16-қазандық агрегаттарын салу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Қазір сатнаса сағатына 438 гигакалория жылу, 250 мегаватт электр өндіреді. Осы саланы зерттеп жүрген ғалым Айбек Ақаевтың айтуынша, қазір монополист компнаиялар тарифті көтерсе оның бір бөлігін инфрақұрылымды жаңғартуға міндетті.
Айбек Ақаев, Қазақстанның құрметті энергетигі:
Енді жеке компаниялар болсын, оған жауапкершілік арттырады. Тарифтердің осы инфрақұрылымның жаңғыртылуына тікелей өз есебін тигізетін заң қабылданды. Егер қазір қандай да бір тариф өсіп жатса, ол тек қана инфрақұрылымның жаңаруына, дамуына әкеп соғады.
Оңтүстікте болмаса, басқа өңірлерде энергия тапшылығы жоқ. Тек шығыстың өзінде элеткр энергиясын өндіретін қазір 10 стратегиялық нысан бар. Жетеуі су, үшеуі жылу. Олар жылына 7,5 миллиард киловатт сағат қуат береді. Гидро-стансалар 65 пайыз, жылу электр стансалары 32, тағы 4 пайыз энергия жаңартылған көзден алынады. Нәтижесінде аймақта электр тапшылығы жоқ. Тек Өскеменде жылу жетіспейді.
Досжн Ағыбаев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Үшінші жылу электр орталығы 1 мың гигакалория жылу энергиясын ғана бермейді. 360 МВт электр энергиясын да қосымша беретін болады. Дегенмен де біздің облыста электр энергиясының профициті болғанмен де бұл артық етпейді.
Артық етпейтіні анық. Өйткені оңтүстік өңірлерде энергия көзі әлі толық жетіспейді. Оған қоса жыл санап ірілі-ұсақты салынып жатқан өндірістер бар. Ал елдің эконмикасы еселенуі үшін энергетика етектен тартпауы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы