Басты Жаңалықтар Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады

Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады

Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан сол жақтарға сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев баспасөз мәслихатында айтты, ол Қазақстан азаматтарына арналған нұсқаулықты жариялады. Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Бірікке Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға барудан бас тартуға шақырды. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдар әуе компаниялардың көмегімен 8 жарым мыңнан аса отандасымыз елге қайтарылды. Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары әлі де жалғастырып жатыр. Алдағы күндері Израильден - 78, Қатардан - 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен - 550 және Сауд Арабиясынан 300 адамды эвакуациялау жоспарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған өңірде белсенді әскери іс-қимылдар тоқтағанша, бірқатар мемлекетке сапарлаудан бас тартуға шақырды.

Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да қарастырылған. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы шекаралары арқылы эвакуациялау жүзеге асып жатыр. Барлығы, Ираннан 66 адам елге қайтарылды.  


Бөлісу