Астанадағы  № 65 мектеп -гимназиясында мерекелік шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы  № 65 мектеп -гимназиясында мерекелік шара ұйымдастырылды

13.10.2017

«Бәріміз бірдейміз, бір-бірімізді бөлмейміз». Осындай атаумен Астанадағы  № 65 мектеп -гимназиясында мерекелік шара ұйымдастырылды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Бұл игі бастама өткізіліп жатқанына бір аптадан асты. Оның аясында қайсар жасөспірімдер түрлі спорттық сайыстарға қатысып, концерттік бағдарламаларды тамашалап, өнерлерін көрсетуде. Осындай шара мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы жасырын қырларын танытып, қоғаммен тығыз байланысқа түсуіне ықпал етпек.

Ләззат Жұмадуллақызы, №65 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім беру бойынша сынып үйлестірушісі:

 - Мектебіміз, даму мүмкіндігі шектеулі балалардан болғаннан кейін, олардың барлық жағдайын ескеріп, арнайы сыныптар бар және үйде оқылатын балалардың барлығы осы мерекелік шараға шақырылды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу