Бұл - өнер ұжымының Ұлыбритания астанасына жасаған алғашқы сапары. Лондонда өткен III Қазақстан өнерінің фестиваліне театр ұжымы Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасын ұсынды. Екі бөлімнен тұратын Балуан Шолақтың өмірі жайлы тарихи қойылымды ағылшындық лордтар палатасынан бастап, әдебиет пен мәдениет саласындағы мамандар арнайы тамашалаған. Сондай-ақ, Англиядағы қазақ диаспорасының өкілдері келген.
Ерлан Біләл, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:
- Сапарымыз өте сәтті болды деп есептеймін. Өйткені, өзіміз алға қойып барған мақсатымызды түбегейлі орындадық. Осының бәрі де бүгінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жасалып жатқан дүние. Сондықтан, үлкен әлемге есік ашу болса, әлемдік деңгейде біздің театр өнерінің, әдебиет-мәдениетімізді таныту деген мақсаттың бір алғышарттарын орындап қайттық дейміз. Өйткені, Лондон деген күллі Әлем мәдениетінің тоғысқан жері.
Амангелді СЕЙІТХАН