Білім саласына бөлінген 62 млрд теңге тиімсіз жоспарланған
Білім саласына бөлінген 62 млрд теңге тиімсіз жоспарланған. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс қорытындысы осындай. Олар мектеп оқулықтарын қайта қарау кезінде мемлекет 16 млрд теңгеге шығындалғанын анықтады. Сондай-ақ лицензиясыз жұмыс істеп келген бірқатар білім ошағы әшкереледі. Айя Мүтәлі тарқатады.
Айя Мүтәлі, Тілші:
Үкімет білім саласын дамыту үшін жыл сайын миллиардтап қаржы құяды. 2019 жылы 1,3 трлн теңге жұмсаса, былтыр 4,8 трлн бөлген. Қаржы көлемі еселеп артқанымен, білім беру сапасы көңіл көншітпей тұр. Жоғары аудиторлық палата бүгін бірқатар былықтың бетін ашты. Мәселен, мектеп оқулығын қайта басып шығарудың кесірінен 16 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Кітаптардың сапасын тексеріп, арнайы сараптама жүргізген комиссияның да жұмысы шикі екені анықталды. Олар жұмыс қорытындысын 5 жылда 12 рет өзгерткен. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кадр мәселесіне қатысты есебі қате екені белгілі болды. Бүгінде мектепке қандай және қанша маман жетіспейтіндігі туралы да нақты дерек жоқ. Мемлекеттік аудит педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған курстарға да күмән келтіріп отыр. «Мұғалімдер семинар сабақтардан көз ашпайды, оқу-тәжірибе аз» деген қорытынды шығарған. Соның кесірінен еліміздегі мектептердің 80 пайыздан астамы аттестациядан сүрініп, тестілеуден өту үшін қайта-қайта тапсырады екен. Сондай-ақ елдегі 66 мектептің лицензиясыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оның ішінде мемлекеттік білім ошақтары да бар. Осылайша, тексеріс кезінде салаға бөлінген 62 млрд теңге тиімсіз жоспарланғаны, 3,2 млрд теңгені оңды-солды жұмсалғаны белгілі болды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54