Түркістан облысының жастары наурыздан бастап ағаш еге бастайды
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «Жасыл ел» студенттер жасағы белсене араласпақ. Олар наурыз айынан бастап ағаш, гүл көшеттерін еге бастайды. Жылдық жоспар бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында өткен жиында талқыланды. Сонымен қатар жастар орталығы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандум жасауды көздейді. Жастарды ынталандырып, еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру үшін «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылмақ.
Пернебек Есқұлов, облыстық жастар орталығы басшысының орынбасары:
Осы жоба аясында былтырғы жылмен салыстырғанда одан да қарқынды жұмыс істейміз деген ойдамыз. Былтыр тек сенбілікпен шектелді. Биыл «Жасыл ел» жобасы жүзеге асатын болса, былтырғыдан ауқымдырақ, жастарды көбірек қамтимыз деген ойдамыз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15