Елордада қоғам және саяси қайраткер Ерсұлтан Бектұрғановтың «Ғұмырдария» естелік-эссе кітабының тұсаукесері өтті. Туындыда автор өз өмірінен сыр шертеді, өмірлік тәжірбиесімен бөліседі. Бақыттың кілті еңбекте екенін дәріптейді. Адам бойындағы басты қасиеттер адалдық, еңбексүйгіштік пен ізеттілікті негізгі құндылықтар ретінде көрсетіп, оқырманын ізгілік жасауға шақырады. Айта кетейік, еңбек жолын қарапайым жұмыстан бастаған Ерсұлтан Бектұрғанов Сыртқы істер министрлігі, Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінің V-VI шақырылымдарында депутат болды.
Мұхтар Ерман, қоғам қайраткері:
Біріншіден, өте жақсы жазылған. Кітаптың ерекшелігі - авторлық эгоизм деген жоқ. Көбінесе өзін емес, бірінші планға қоғамды, сол еліміздің тарихын және қандай жағдайда, қандай сәтте, кіммен қалай жұмыс істегені туралы айтылады.
