Ертең – Орманшылар күні
Ертең – орманшылар күні! Жыл сайын елімізде табиғатты аялап жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Жаздың аптап ыстығы пен қыстың қақаған аязына төзіп, қалтқысыз қызмет еткен жандардың еңбегі ерен. Сол мамандардың қатарында қостанайлық Болатбек Табулдин де бар. Тынымсыз еңбек етіп келе жатқанына 20 жылға таяды.
Болатбек Табулдин, орманшы:
Жалпы орман шаруашылық мекемесінде 18 жыл істеп жатырмын. Оның ішінде 15 жыл «Наурызым» табиғи қорығында жұмыс істедім инспектор болып. Біздің жұмысымыз табиғатты қорғау ғой.
Өрт болғанда өте қиын. Орманға кірмеу үшін сөндіресің қалай болса да. Соған тырмысасың. Күз айында нағыз қауіп. Жер құрғақ. Жазда көктің аты көк. Қаланың адамдары жиі-жиі кеп тұрады. Халықпен әңгіме жүргіземіз. Әр адам әртүрлі. Бес саусақ бірдей емес. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді. От жақпаса болды ғой. Кейде ет алып келеді, қуырғысы келеді. Ондайларға әкімшілік құқықбұзушылық протокол толтырамыз. Тастаған қоқыс үстінен түссе, хаттама толтырады. Сол хаттамаға планшет бар. Бұрын қағаз толтырушы едік. Ал мынау цифрлы түрі жақсы, күшті. Екі жыл бұрын дрон алдық.Орманшы жоқ дегенде күніне 15 шақырым жүру керек. Төзімді болу керек. 2,5 гектар жерімде қай жерде жол бар, қай жерде ұялар болады құстардың, аңдар, түлкілер, қарсақтар, соның бәрін картаға белгілейсің. Енді ол ізі шөптің үстінде көрінбейді, қар түскенде анық көрінеді қай жерде жүргені. Құрғақ ағаш міне, тоқылдақтар тесіп тастаған. Құрт-құмырсқа жеген арасында. Бұл ауру ағаш, бұны жинаймыз. Орман - менің екінші үйім ғой енді. 20 жылдай уақыт болып қалды осы табиғатқа өмірімді арнағаныма. Жұмысымды өте қатты жақсы көремін!
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16

Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
18.10.2025, 17:08
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
18.10.2025, 17:06
25 Қазан - Республика күні
18.10.2025, 17:04
Абай облысында үш жылда улы газдан қорғайтын 15 мың құрылғы тегін орнатылған
18.10.2025, 16:58
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
18.10.2025, 16:53
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50
Қызылорда облысында еңбек озаттарына 14 жаңа автокөлік берілді
18.10.2025, 16:49