Басты Жаңалықтар Мемлекеттік қордағы фильмдердің көбі сандық жүйеге көшпеген

Мемлекеттік қордағы фильмдердің көбі сандық жүйеге көшпеген

Қазақстан тарихы мен кино саласында айрықша орын алатын 1458 фильм мұрағаттан алынып, цифрлық сақтауды қажет етеді. Бұл жайында Астанада өткен дөңгелек үстелде айтылды. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мәдени мұраны сақтау міндетін жүзеге асырудың бір кезеңі. Сондықтан, Ұлттық киноколлекцияның қолжетімді платформасын жасау -  межелеген міндеттердің бірі. Қазір бұл мақсатта арнайы жоба жүзеге асқан. Сонда ғана киноөндіріс үшін бұл онлайн мұрағат болса, пайдаланушы үшін онлайн кинотеатрға айналады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Бөлісу