Түркияда жаңа «Қазақ-түрік сөздігі» таныстырылды
Анкара қаласында «Қазақ-түрік сөздігі» мен «Түркі тілдеріндегі етістіктер» атты қос кітап таныстырылды. Осыған орай Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб пәтерінде өткен жиында ғалымдар туыстас тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылады. Сондай-ақ бауырлас халықтардың тілдерін үйрену әдістемесі мен жаңашылдықтары да сөз болды. Ғалымдар түбі бір түркі елдері арасында электронды сөздік қосымшасын құру туралы ұсыныс айтты. Бүгінге дейін шыққан сөздіктердің арасындағы ең ауқымдысы болған жаңа кітаптың авторы түркиялық ғалым Кенан Коч. Оның бүгінге дейін қазақ және түрік тілдерінде жиырмадан астам туындысы жарық көрген.
Кенан Коч, кітап авторы, филолог:
Бұл кітаптар тек ғылыми жұмыс емес, бұл – бауырлас халықтар арасында тіл арқылы байланыс орнатудың жаңа қадамы. Қазақ пен түрік тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу арқылы біз бір-бірімізді тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Тілдік зерттеулердің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді, өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, мәдениетіміздің айнасы.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06