Мыңға жуық көлік діттеген жеріне жете алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыңға жуық көлік діттеген жеріне жете алмады

21.01.2025

Ал «Екатеринбург-Алматы» автожолында жүк көлігі аударылып қалған. Жеті жаңа автоны алып келе жатқан жүргізуші тайғақ жолдан тізгінге ие бола алмай қалған. Жалпы, ақтүтек боранның кесірінен Ақмола облысында 950 автокөліктің иесі діттеген жеріне жете алмады. Өңірдегі ахуалды әріптесіміз Бибінұр Әмірханқызынан білейік. Бибінұр, боранда қалған жолаушылар аман-есен бе?

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Өңірдегі барлық блок бекеттерде қазір шамамен мыңға жуық көлік кептелісте тұр. Оның 600-і жүк көлігі, 350-і жеңіл автокөлік. Жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Жергілікті әкімдік қызметкерлері мен жол полициясы мамандарына еріктілер көмектесіп жатыр. Ал қазір Астана-Щучинск бағытындағы қаңтарылған көліктердің саны біршама азайды. Түске дейін 400 көлік діттеген жеріне жете алмай тұрып қалса, 200-ге жуық жүк көлігі жолдың ашылуын күтіп әлі тұр. Полиция біразын Щучинскіге кері қайтарды. Полицейлер мен құтқарушылар жолдағы қауіпсіздікті қатаң бақылап тұр, дегенмен «Екатеринбург-Алматы» автожолында көлікті тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалған. Боран соғып тұрғандықтан, жолдың қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу