Қостанай облысындағы оқушылар қайыңның дәнегін егіп, сақтап қойды
Қостанай облысының Амангелді ауданында оқушылар қайың ағашының 300 дәнегін арнайы контейнерлерге екті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен шараға төрт мектептен жүзге тарта жеткіншек қатысты. Егілген қайың тұқымы мектептердің зертханаларында сақталады. Балаларға қайың дәнегін отырғызудан бастап әрі қарай күтіп баптауға «Алтын дала» табиғи резерватының қызметкерлері мен биология пәнінің мұғалімдері жетекшілік етеді. Көктемде көшетке айналған соң өскіндердің бәрі мектеп ауласына егіледі. Яғни, қайың ағашын дәнінен бастап өздері баптап өсіру – балалар үшін үлкен тәжірибе, әрі тәрбие.
Қанат Есмырзин, «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының маманы:
Бұл іс-шара арқылы біз орман шаруашылығы қызметкерлерінің, табиғатты қорғау саласында қызмет етіп жүрген адамдардың сондай бір жауапкершілікпен атқарып жатқан істерін жас ұрпаққа жеткізу және де осы іс-шараның ең басты міндеті – өздерің сияқты оқушыларды табиғатты аялауға, ондағы бар жан-жануарларды қамқорлыққа алуға шақырады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06