«Отбасы банктен» қазақстандықтар былтыр 1 трлн 29 млрд теңгеге қарыз алған. Осылайша, бір жылда 71 мыңнан астам адам ипотека рәсімдеген. Оның 39,8 пайызы жаңа, жөндеу көрмеген пәтер алғандар. Ал «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша 10 мыңнан астам адам баспаналы болды. Оған 251,9 млрд теңге бөлінді.
Олжас Бектенов: Жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажет
Бұл туралы тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде өткен кеңесте айтылды. Басқосуда Премьер-министр Олжас Бектенов жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Әсіресе Жұмысшылар жылында техникалық мамандарға арналған ипотекалық бағдарлама аса қажет. Ал өткен жылы еліміз бойынша 18,9 млн шаршы метр үй салынып, 172 мың баспана пайдалануға берілген. Бұл одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға көп. Ал биыл 175 мың тұрғын салу жоспарланған. 2029 жылы оның көлемін 111 млн шаршы метрге дейін жеткізбек.
Айя Мүтәлі
