Оралда жылу электр орталығын жаңғыртуға қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жылу электр орталығын жаңғыртуға қолдау қажет

11.01.2025

Орал жылу электр орталығының әбден тозығы жеткен құрал-жабдығын жаңарту үшін заңдық тұрғыдан қолдау қажет. Тұтас қаланы жылу және жарықпен қамтамасыз ететін турбина, қазандықтар Калуга зауытында шығарылады. Кәсіпорын басшылығы сол жабдықтарды делдалсыз, тікелей тапсырыспен жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу заңына өзгеріс енгізуді сұрайды. Орталық ұжымымен кездескен Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаты Руслан Берденов ұсынысты құзырлы органдарға жеткізуге уәде берді. Сондай-ақ тозығы жеткен инфрақұрылымды жөндеуге қаржының жетпейтіні, жас мамандар тапшылығы, стратегиялық нысанды күзетуге белгіленген тарифінің біржақты көтерілуі де сөз болды.

Руслан Берденов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл жерде кейбір заңнамалық мәселелер бар. Мысалы, сатып алу мәселесі өте дұрыс ұсыныс деп ойлаймын. Және де осындай нысандарға зор пайдасы тиюі мүмкін. Осы мәселені заң жүзінде біз не істей аламыз, соны қарастырамыз.

Гүл нарығындағы демпинг және өнімді экспорттауда кедергі көп. Сондықтан елдегі гүл өсірушілер де мемлекеттің қолдауына зәру. Түркістан облысына барған Мәжіліс депутаттары шаруалармен кездесті. Мәселен Сарыағаштық бағбандар голландиялық гүлдерді өсіргенімен, базарда Қытайдың өнімі толып тұр. Ал Өзбекстан нарығына гүл кіргізу үшін кем дегенде бір апта күту қажет. Сондықтан шаруалар осы мәселені назарға алу керек екенін айтты.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу