Депутат: Түркістанға ерекше мәртебе беру қажет
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен бүлініп бара жатқан тарихи-мәдени ескерткіштерді мемлекет қамқорлығына алу керек. Өзекті мәселелер Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның Түркістанда зиялы қауыммен кездесуі барысында сөз болды. Жиында көпшілік шамадан тыс көбейіп кеткен айыппұлдарды реттеу және жемқорлықтың жолын кесу проблемаларын көтерді. Өз кезегінде мәжілісмен бүгінге дейін қабылданған заңдардың ерекшеліктерін атап өтіп, оның ішінде «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» заңның маңыздылығына тоқталды.
Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты:
Мұнда қасиетті Әзірет Сұлтаннан бастап 400-ге жуық тарихи ескерткіштер жатыр. Олардың бәрін күтіп ұстау, болашаққа аманаттау үшін ерекше мәртебе беру керек болды. Сондықтан да жергілікті билікке біз 34 түрлі құзырет бердік. Енді бұл жерде кез келген құрылыс болсын, кез келген сәулет ескерткіші болсын, оның барлығы да осы заңға байланысты өзіміздің ұлттық стилімізде жасалады.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25