Жұмысшылар үшін баспана алу жеңілдейді
Түркістан облысында тұратын жұмысшылар бүгін Үкіметте айтылған жағымды жаңалықты естіп қуанып отыр. Бұл әсіресе түрлі кәсіпорындар мен зауыттарда, ауыл шаруашылығы нысандары мен коммуналдық мекемелерде еңбек ететін азаматтар үшін зор мүмкіндік болмақ. Мәселен халықты электр энергиясымен қамтып отырған серіктестіктің жұмысшылары алдағы уақытта баспаналы болатынына үмітті. Жас отбасылар мен тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен жұмысшылар, аталған бағдарламаның үлкен қолдау боларына сенімді.
Нұрсұлтан Сағымбек, жұмысшы:
Біз бұған дейін де үй бойынша кезекке тұрып көргенбіз. Пайызы жоғары болғандықтан үй ала алмадық. Айлығымыз төмен. Бұл бағдарлама ашылса бізге, әріптестерімізге өте қолайлы болар еді. Мен де үй алуға қайтып әрекет жасайтын едім.
Сәкен Дүйсенов, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС Сайрам аудандық бөлімшесінің бас инженері:
Жаңадан шаңырақ көтерген жұмысшыларымыз бар. Біраздан бері үй ала алмай жүрген жұмысшыларымыз, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, ұстаздар бар. Енді бүгінгі таңда біздің де жұмысшыларға осындай мүмкіндік қарастырылатын болса, ол кісілер де үйлі жайлы болып қалатын еді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05