Стамбұл қаласында Қазақстанның мәдениеті таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұл қаласында Қазақстанның мәдениеті таныстырылды

25.12.2024

Стамбұл қаласында түркиялықтар мен өзге де шетелдік студенттерге Қазақстанның мәдениеті таныстырылды. Қонақтарға еліміз туралы жан-жақты ақпарат беріліп, ұлттық тағамдарымыз ұсынылды. Шетелдіктер үшін таңсық ас құрт пен бауырсақ таратылды. Жастар Қазақстан тарихындағы қиындықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы сұрақ-жауап түрінде мағұлматтармен бөлісті. Кеш соңында өнерлі студенттер ән айтып, би билеп, жиналған шетелдіктерді қазақ өнерімен де сусындатты. Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен Түркия университеттерінде оқитын студенттер өткізген шара шетелдік жастарға елімізді жақынырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Әли, Индонезиядан келген студент:

Бүгінгі шара маған қатты ұнады. Қазақстанның мәдениеті ерекше екен. Мен әсем табиғаты мен өнерін көргенде сіздердің елдеріңізге барғым келіп кетті. Менің Түркияда қазақ достарым көп, сондықтан Қазақстан жайлы шараларға үнемі қатысып отырамын.

Нұрасыл Балташ, «Бірлік» қазақ студенттері бірлестігінің төрағасы:

400-500-ге жақын студенттер келді. Тек қана қазақ студенттер емес басқа ұлттардың өкілдері де осы іс-шараға қатысты. Студенттердің барлығына ұнады. Керемет көңіл күйде қалды. Сол үшін осы іс шараны ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға рахмет. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу