Теріскей жігіттері жілік шақты
Теріскейде жілік шағу ұлттық ойыны қайта жанданып, жастар арасында трендке айналды. Бабадан қалған бәсеке түрі енді ауыл-аймақтың ең қызықты сайыстарының біріне айналып отыр. Айыртау ауданына қарасты Дәуқара ауылында өткен жарысқа 160 адам қатысты. Жігіттер 60 жілік жарып, өзара мықтыны анықтады.
Эльмира Кәленова, тілші:
Жылқының сүйегі – беріктігімен ерекшеленеді. Дәстүр бойынша оны тек қолдың күшімен жару шарт. Мұнда ойынға қатысушылардың білегінің мықтылығы ғана емес, ептілігі мен шадымдылығы да сынға түседі.
Азат Шәукеров – тәжірибелі ойыншы. Жылқының жілігін жалғыз ұрғаннан қақ жарып,
көпшілікті тәнті етті. Спортшы ауылдастарымен бірге облыс көлемінде
ұйымдастырылатын сайыстардан қалмай, бақ сынап жүр.
Дәуқара ауылында өткен жарысқа қатысқан
160
сайыскер 4 топқа бөлінді. Жарыс 4 айналымға жалғасты.
Азат Шәукеров, сайысқа қатысушы:
Айына бір-екі рет осындай жарыстар өтіп тұрады, жілік жарудан. Өзіміз, ауданымыздың жігіттері, ер азаматтары қосылып, осындай жарысты ұйымдастырамыз. Ауданымыздан жиналып, ара қашықтыққа қарамай, ел аралап, осындай жілік жару сайыстарына қатысып жүрміз.
Әр қатысушыға бір ғана мүмкіндік беріледі. Оны мүлт жібермегендер ғана келесі
айналымға жолдама алады. Бұл тек күш сынасу емес, жастардың рухын көтеретін
үрдіске айналып келеді, дейді ұйымдастырушылар.
Ербол
Оспанов, төреші:
Көрші ауылда, Бірлестіке өтті. Енді, міне, Дәуқарада өтіп жатыр. Жігіттер айтып жатыр, ол челленджді басқалар да өткіземіз дейді, көрші ауылдар да өткізеді. Түптің түбінде бұл ұлттық ойынға айналып кетсе, еш қарсылық жоқ.
Жілік сындырумен қатар 9 шақырым қашықтықта ат жарысы ұйымдастырылды. Шашасына
шаң жұқтырмаған Тілеген Айтбайдың тұлпары мәре сызығын бірінші болып кесті.
Тілеген
Айтбай, шабандоз:
Жарыс қиын болды, мықтылар болды. Бірақ бабымыз бен бағымыз қатар шауып, бүгін бірінші келіп отырық. Наурыздан бері дайындалып жүрміз, өзіне керек бәйгені іздедік.
Ал
балуандар боз кілемде белдесті. 10 сағат бойы жалғасқан жілік жару жарысын
көрермендер тапжылмай тамашалады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен
марапатталды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Р.Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтіп жатыр
13.05.2026, 17:37
Қостанайдағы мектепте радиоспорт үйірмесі жұмыс істейді
13.05.2026, 17:35
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 17:33
Ғылымға белгісіз болған 130 түрлі жәндік анықталды
13.05.2026, 17:27
Зеренді ауылында жүзден аса көшет екті
13.05.2026, 17:25
«Таза Қазақстан» акциясын өткізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысы ұйымдастырылды
13.05.2026, 17:22
Оқушылар құқықтық мәдениетті конституциялық тұрғыдан зерделеді
13.05.2026, 17:20
Мұғалімдер оқушыға сабақта ғана жауапты
13.05.2026, 17:18