Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
Түркітілдес елдердің жас инженерлері Астанада бас қосты. Олар «Robotek Grand Tournament Astana 2026» халықаралық чемпионатында өзара бақ сынауда. Биыл жарысқа 9 бен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 220-ға жуық қазақстандық және 45 шетелдік команда қатысып, 9 бағыт бойынша сынға түсіп жатыр. Чемпионат Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты іс-шараларының бірі саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, дипломдар және серіктес жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталады. Сондай-ақ «Үздік ауыл командасы», «Үздік шетелдік команда», «Үздік инженерлік шешім» және «Үздік қыздар командасы» номинациялары қарастырылған.
Жанар Бейсембаева, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы:
Жеңімпаз атанған оқушыларға бағалы сыйлықтар және ең бастысы Қазақстанның бетке ұстар университеттерінің гранттары беріледі. Бұл Қазақстан Британдық университет, Алматы энергетика университеті және және Павлодардың Торайғыров университеті өз гранттарын беріп отыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04