«Таза Қазақстан» акциясын өткізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысы ұйымдастырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысына қатысты. Жиында ауқымды бастаманың нәтижелері мен алдағы жоспар талқыланды. Мәселен, Алматы облысында тазалық шараларына 271 мыңнан астам адам қатысқан. 126 аумақта 7 жалпықалалық сенбілік өткізіліп, 18 мың текше метр қалдық шығарылды. Енді саябақтар мен өзендердің бойын абаттандыру керек. Бұдан бөлек, табиғи парктер аумағындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмысы баяу. Премьер-министр осыны сынға алып, атқарылған жұмыстар жөнінде келесі жылдың маусым айына дейін есеп беруді тапсырды.
Олжас
Бектенов, Премьер-министр:
Іле-Алатауы, Алтын-Емел және Шарын ұлттық парктерін абаттандыру бойынша есеп бергенімен, бұл жұмыстар бірнеше жыл бұрын жүргізілген. Содан бері айтарлықтай нәтиже байқалмайды. Нұрлыбек Машбекұлына министрлікпен және өңір әкімдерімен бірлесіп, табиғи парктерді абаттандыру ісіне ірі бизнесті тарту мәселесі бойынша келіссөздер өткізуді тапсырамын.
«Таза Қазақстан» акциясына жыл сайын шамамен 800 мың волонтер
қатысады. Бұл туралы жиында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және
ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Еріктілерді ынталандыру үшін 56 жоба мен
60 грант сарапқа салынбақ.
Аида
Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Осы жылдың бірінші тоқсанының өзінде акцияға қатысқан волонтерлер саны 80 мың адамға жетті. Бұл бастамаға студенттік жасақтардың да қосып отырған рөлі ерекше. Олар Қазақстанның барлық өңірінде бар және іс жүзінде әрбір елді мекенде жұмыс істейді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Р.Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтіп жатыр
13.05.2026, 17:37
Қостанайдағы мектепте радиоспорт үйірмесі жұмыс істейді
13.05.2026, 17:35
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 17:33
Теріскей жігіттері жілік шақты
13.05.2026, 17:30
Ғылымға белгісіз болған 130 түрлі жәндік анықталды
13.05.2026, 17:27
Зеренді ауылында жүзден аса көшет екті
13.05.2026, 17:25
Оқушылар құқықтық мәдениетті конституциялық тұрғыдан зерделеді
13.05.2026, 17:20
Мұғалімдер оқушыға сабақта ғана жауапты
13.05.2026, 17:18