Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтіп жатыр
Астанада Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтіп жатыр. Оған 137 үміткер қатысуға өтініш беріп, оның ішінен 20 қатысушы іріктелді. Өнерпаздар Беларусь, Иран, Өзбекстан елдері мен Алматы, Семей, Шымкент, Орал, Павлодар қалаларынан келген. Байқаудың нәтижесі ертең белгілі болады. Жүлде қоры І орынға 2 миллион теңге, ІІ орынға 1,5 миллион теңге, ІІІ орынға 500 мың теңге беріледі. Сондай-ақ әншінің отбасы атынан жүлделі мүсінше және қазақ зергерлік серіктестігімен бірге жасалған Роза Бағланованың топтамасынан сырға табысталмақ.
Жеңіс Ысқақова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі:
Жалпы, бастап келе жатқан әнші үшін бұл байқау – үлкен сабақ. Бұл – өзіңді өзгелермен салыстыру, өзіңді өзіңмен салыстыру. Оның үстіне Роза Бағланова – Халық қаһарманы. Роза апамыз қазақ эстрада өнерінің анасы. Роза Бағланова апамыздың әндерін жастардың әрқайсысы өзінше орындайды. Қазір жас буынның талғамы жоғары.
Аружан Бейсенбай, қатысушы /Орал/:
Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық байқауға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Роза Бағланова апамыз қазақ өнерінің аңыз тұлғасы. Бұл кісінің өнерін, шығармашылығын мен ерекше жақсы көремін. Осындай халықаралық деңгейдегі байқауға қатысу – мен үшін үлкен тәжірибе әрі шығармашылық жолымдағы маңызды қадам.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27