Оқушылар құқықтық мәдениетті конституциялық тұрғыдан зерделеді
Конституциядағы адам құқығы мен бостандығының қорғалу тетіктерін жастарға мектеп қабырғасынан бастап сіңіру маңызды. Астана қаласының оқушыларына арнайы конференция ұйымдастырған мамандар осылай деп отыр. Конференцияның басты ерекшелігі – оқушылардың құрғақ теориямен шектелмей, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді Ата Заң аясында талқылауы. Жас зерттеушілер цифрлық дәуірдегі білім алу құқығын жаңа қырынан саралап, жасанды интеллектіні қолдану кезіндегі академиялық адалдық мәселесін көтерді. Сонымен қатар конференция қатысушылары мектептің ішкі тәртібін заң үстемдігінің алғашқы баспалдағы ретінде бағалап, «Адал азамат» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың тиімді тетіктерін ұсынды.
Мұхаммед Болысбек, «Amanat» партиясы
Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Кез келген адам өзінің құқығын білу арқылы ол өзін қалыптастыра алады. Бұл қоғамда және кез келген жағдайдан өзін алып шыға алады. Сондықтан бірінші кезекте Ата заңды білу. Соның аясында еліміздің заңдарын, өз құқықтарын білу – бұл тек жастар үшін емес, әрбір азамат үшін маңызды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12