Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін алматылықтар да Республика алаңына жиналып, тарихқа тағзым жасады. Алдымен, «Тәуелсіздік» монументіне гүл қойды. Егемендік жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл жылдағы дәстүр. Алматы – азаттыққа алғаш қадам жасаған қала. Өркениетке талпынған қазіргі Қазақстанның түп қазығы, тұғырлы мекені. Сондықтан Тәуелсіздік күнінің алып шаһар тұрғындары үшін маңызы зор.
Бақыт Байниязов, «Тәуелсіздік 1986 желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Біздің халқымызға, ұлтымызға Тәуелсіздік негізі өте қымбатқа келді. Тәуелділік пен тәуелсіздіктің арасын айыра білген азаматқа, әрбір адамға бағасы жоқ ең жоғары құндылық деп есептеймін өзім. Жастарымыз енді болашағымыз дейміз. Солар келешекте жат қылықтардан арылып, білім мен ғылым қуып, осы мемлекетіміздің ары қарай дамуына, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына қызмет етсе деймін.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10