Басты Жаңалықтар Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады

Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы ымыраның тағдыры қыл үстінде тұрғанын мәлімдеді. Мұның алдында Америка лидері Тегеран ұсынған бейбітшілік жоспарын «ақылға қонымсыз» деп қабылдаған жоқ. Бұдан соң бүгін әлем нарығында мұнай бағасы 1 пайызға жуық қымбаттап, Brent маркалы шикізат баррелінің құны 105 долларға жетті. Ал Ви Ти Ай 99 доллардан сатылып жатыр.

Бейжіңде Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі

Ертең АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапары басталады. Әлемнің алып державаларының басшылары екіжақты қатынастарды, Тайвань проблемасын және Иранға қарсы соғысты тоқтату мәселесін талқылауы мүмкін. Болжамдарға қарағанда, лидерлер арасындағы келіссөздер мамырдың 13-15-і күндері аралығында өтеді. Кездесу қарсаңында Бейжіңнің тарихи Тянь ань мэнь алаңы айналасында қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп жатыр

Базарда болған жойқын жарылыстан 10 адам қаза тапты

Пәкістанның Лакки-Марват қаласының базарында алапат жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Құрбандардың екеуі – полиция қызметкері. Ал өткен аптада осы елдің солтүстік-батысындағы полиция бөлімшесіне содырлардың шабуылынан 15 тәртіп сақшысы мерт болған. Қанды оқиға үшін Пәкістан Ауғанстанды айыптап отыр. Ресми Исламабадтың мәлімдеуінше, Ауғанстан Пәкістан аумағында шабуыл жасағандарға пана беріп отыр. Бірақ «Талибан» мұны жоққа шығарып, содырлар мәселесін Пәкістанның ішкі проблемасы деп атады.

ДДСҰ: Хантавирустың кең таралу қаупі төмен

Хантавирустың кең таралу белгілері байқалған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса вирус табылған круиздік кемеде болған жолаушыларды қадағалау жалғасып жатқанын да жеткізді. Вирусты 9 адам жұқтырған. Тағы екеуі тексеріліп жатыр. Науқастардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Десе де, алдағы апталарда хантвирусты жұқтырудың жаңа деректері пайда болуы мүмкін деген болжам да айтылды.  


Бөлісу