Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
Алдағы демалыс күндері Астанада көптен күткен LRT жобасы іске қосылады. Бүгін жаңа жүйе журналистерге таныстырылып, автоматтандырылған басқару орталығы, станциялар мен вагондар көрсетілді. Қаланың ірі нысандарын байланыстыратын желі енді көлік кептелісін азайтады деген жоспар бар. Пойыздардың максималды жылдамдығы сағатына 80, ал орташа жылдамдығы 60 шақырым. Бір құрам 142 жолаушыға шақталған. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы алғашқылардың бірі болып жүрдек пойызға мініп көрген еді, сюжетті көрейік.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бұл - LRT- ны басқару орталығы. Бағдарламалық қамтамасыз ету орны деп айтсақ та болады. Өйткені пойыздар жүргізушісіз жүреді. Бағдарламалар арқылы басқарылады. Пойыздар автоматты түрде таңғы сағат 6-да, өздері кешкі сағат 11-де қайтадан осы жерге қайтып келеді.
Бағдат Сүйін, диспетчер:
Камерамен қадағалап отырамын. Және жолаушылардың жалпы қауіпсіздігін қарап отырамын. Ішіндегі ауасын, вентиляциясын, ыстықты, жылуды қосып, бақылап отырамын. Камераға сөйлескендеріміз, телефонға сөйлескендеріміз бәрі жазылған. Қазір бізде орнатылған ФАМ режимі, біздегі құрам LRT -ның ең заманауи соңғы жүйедегі бағдарламалар енгізілген.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
LRT станцияларына алдын ала төлем жасағаннан кейін ғана кіруге болады. Ал төлемді тексерудің түрлі тәсілдері бар. Face ID арқылы тексеріледі. LRT-ның арнайы картасы арқылы немесе банк карталары арқылы төлем жасауға болады. Ал бірреттік билет алатын болсаңыз, QR-кодын мына жерге тоссаңыз, есігі автоматты түрде ашылады. Қазір менде LRT-ның арнайы картасы бар. Қалай жұмыс істейтінін көрсек болады. Мына жерге басамыз. Өтуіме болады. Енді ары қарай құрамға отыруға рұқсат.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
LRT станцияларында вагон құрамдарын көру мүмкін емес. Өйткені мынадай есіктері ғана ашылады. Яғни пойыздың астына адам құлап кетуі мүмкін деген мәселе әуел бастан-ақ шешілген екен. Әр станцияда пойыздың тоқтау уақыты ең соңғы екі станцияда екі минутқа дейін. Басқаларында 25-30 секундтың шамасында.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Барлық орындық мынадай былғарымен қапталған. Төрт вагонның ішіне барлығы 600-дей адам сияды деп отыр. Ауа температурасы, жарығы - барлығы қашықтан автоматты түрде басқарылады. Ең бастысы - мұның ішінде шу мүлде естілмейді. Мен дауысымды барынша басып сөйлесем де, сіздерге естіліп тұрғанына еш күмәнім жоқ. Ал біз LRT-ның бар жылдамдығымен жүйткіп келе жатырмыз.
Марат Мәліков, оператор:
Біздің линияда 18 станция бар. 15 құрам жүреді. Аралығы 6 минуттан.
Асылбек Дүйсебаев, «City transportation systems» ЖШС басқарма төрағасы:
Желінің ұзындығы 22,4 шақырым. Шу деңгейін төмендету үшін вагондардың қабырғаларын қалыңдаттық. Сонымен қатар жіксіз рельс инфроқұрылымы пайдаланылды. Жақын орналасқан тұрғын үйлерге вибрациялақ әсері болмайды.
Бұл LRT-ның алғашқы кезеңі ғана. Алдағы уақытта желіні Қосшы бағытына ұзарту жоспарланған. Бұдан бөлек жағалау шағын ауданына және Тұран, Сарыарқа көшелері арқылы Астана вокзалына дейін жаңа тармақтар салу көзделіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы