Басты Жаңалықтар Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған

Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған

Көкшетауда 52 жастағы тұрғынның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі рөлде отырған әйелге, екіншісі оның күйеуі, яғни автокөліктің иесіне қатысты. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқығы болмағаны, тіпті тиісті оқудан өтпегені анықталды. Енді күйеуі жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кеше Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелді үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарап, халық арасында резонанс тудырып отыр.  Ал қайғылы оқиға болған үйдің тұрғындары аулаға кіріп-шығатын бір ғана жол аздық екенін айтып, қауіпсіздік үшін қосымша жол қарастыру керек деп жергілікті билікке өтініш жолдады.


 


Бөлісу