Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
Шымкентте алғаш рет құмай тазылар арасында республикалық ашық біріншілік өтті. Ұлттық спорт пен ата дәстүрді ұлықтауға бағытталған додаға еліміздің 18 өңірінен 36 құмай тазы қатысып, 500 метр қашықтықта бақ сынады. Бас жүлдені Алматы облысынан келген Айдын Құдайбергеновтің «Сылдыр» атты құмай тазысы иеленді. Жарыс барысында тазылардың шапшаңдығынан бөлек сыртқы келбеті мен сән-салтанаты да назардан тыс қалмады. «Сұлу тазы», «Үздік ұлттық киім» және «Ең жас баптаушы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы мен арнайы марапаттар табысталды.
Ербол Байқонысов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Бұл біздің ұлттық салт-дәстүрімізді, мұрамызды қайта жаңғырту жолында жасалып жатқан дүние. Себебі Мемлекет басшымыз осы 3 қыркүйекті қазақы құмай-тазылар мен төбеттер күні деп бекітілгеніне орай шара ұйымдастырылып жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13