Қамшыны дәріптеу туралы халықаралық семинар өтті
Қазақ қоғамында қамшының әлеуметтік мәртебесі мен символикалық маңызы қандай? Астанада өткен халықаралық ғылыми семинарда түркі әлемінің бір топ ғалымы осы тақырыпты талқылады. Жиында тарихшылар, археологтар мен этнографтар қамшы туралы тың деректермен бөлісті. Сонымен бірге этнограф Болат Бопайұлының «Қазақ қамшысы» кітабы таныстырылды. Автордың айтуынша, бұл еңбек тек қазақ халқы үшін ғана емес, әлемдік мәдениет пен дала өркениетін зерттеу үшін маңызды құрал бола алады. Шара «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өтті.
Қажымұрат Төлегенұлы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері:
Шараның мақсаты – қамшыны дәріптеу. Қамшының қасиетін дәріптеу. Оның тек қана атқа ұстайтын құрал емес екенін білдірту. Осы семинарда қамшының жалпы көшпелі халықтардағы, түркі халықтарындағы маңызы мен рөлі туралы айтылатын болады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлтын Орда – сауда мен логистикада революция жасаған алғашқы мемлекет
02.07.2026, 11:15
Алтын Орданың үш ғасырлық тарихында 150-ден астам қала бой көтерді
02.07.2026, 10:59
Қырымнан Қытайға дейін: Кедергісіз сауда жолы
02.07.2026, 10:46
ӘЧ-206: Атлантада англияның асығы алшысынан түсті
02.07.2026, 10:09
Астанада Қазақстанның тарихи карталар галереясы мен кәдесыйлар алаңы ашылды
02.07.2026, 10:09
Астанаға келетін турист саны артты
02.07.2026, 10:06