Азия чемпионаты: Әйелдер арасында 9 спортшымыз бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионаты: Әйелдер арасында 9 спортшымыз бақ сынайды

07.12.2024

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін 9 спортшымыз жартылай финалда бақ сынап жатыр. Әзірге 3 жекпе -жекте 3 жерлесіміз қарсыластарына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты.

Бір спортшымыз финалға жолдама алды. 48 келі салмақта шаршы алаңға шыққан бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева, 52 келі салмақта сынға түскен Жазира Орақбаева, сонымен қатар 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек жеңіс тұғырының үшінші сатысынан орын алды.

Ал 63 келі салмақта Аида Әбікеева және 60 келі салмақтағы Виктория Графеева финалға өтті. Енді Виктория 10 желтоқсан күні финалда Қытай қызымен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске салайық, Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сарқұрлықты мекендейтін 30-ға жуық елден 500 аса былғары қолғап шеберлері өзара бақ сынасуда.

Телжан Күдеров


Хабарламаларға жазылу