Экологиялық талапты бұзған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Шымкентте экологиялық талаптарды өрескел бұзған үш кәсіпорынның қызметі сот шешімімен уақытша тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, соңғы үш жылда шаһардағы атмосфераға таралған зиянды қалдықтар көлемі 31 мыңнан 40 мың тоннаға дейін көбейген. Осыған байланысты жыл басынан бері өндіріс орындарына 26 тексеру жүргізіліп, 39 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заң талаптарын бұзған кәсіпорындарға жалпы көлемі 90 миллион теңгеге жуық айыппұл салынса, оның 70 миллион теңгесі бюджетке өндірілген. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша бірқатар өндіріс ошақтарының басшыларына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді. Талаптар орындалмаған жағдайда іс материалдары сотқа жолданады. Ал ауаның ластануын азайту үшін экологтар полициямен бірлесіп, автокөліктерден шығатын зиянды заттарға рейдтік бақылауды күшейтті.
Дүйсен Құлтілеуов, қалалық Экология департаменті басшысының орынбасары:
Индустриалды зоналардың жаңадан ашылуы, олардағы кәсіпорындардың көбеюі, оған қоса көлік санының артуы осы шығарындылар көлемінің артуына әкеп соғады. Сол себепті біз де экологиялық талаптарды күшейту бойынша барынша жұмыстар атқарып жатырмыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07