Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты
Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың алғашқы 10 айында өңірге 1 млн 600 мың қонақ келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Осылайша Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін танымал бағытқа айналып келе жатыр, - дейді туризм саласына жауаптылар.
«eQonaq» жүйесінің мәліметіне қарасақ, 2024 жылдың 10 айында өңірге 111 мыңнан аса шетелдік аяқ басқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 73%-ға жоғары. Мамандар мұндай өсімді елдің табиғаты мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Соның ішінде Ұлттық парктер аумағындағы тұмса табиғат саяхатшыларды өзіне баурап отыр.
Қуанышбек Мейрамбекұлы, Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы:
Іле-Алатау паркіне 790 мың халық келген және Көлсайға 363 мың халық. Шарын ұлттық паркіне 120 мың халық келген. Алдыңғы жылмен есептеп көрсек, екі есеге өсіп отыр туристер саны.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06