Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
Осы аптада Отан қорғаушылар және фашизмнің күйреген күні – Жеңіс күні өтті. Қорған-ерлерге құрмет көрсету. Сұрапыл соғысты жеңген батыр бабаларымыздың рухына тағзым ету. Президент Ақордада Армия және басқа да күштік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырған. Аманатқа адалдық. Қастерлі борыш. Жаңа Конституцияда айқындалған мақсат пен мұратты өмір сүру стандартына айналдыру. Салтанатты жиында айтылатын рухты сөздермен қатар бірнеше нақты пайымымен бөлісті. Ең маңыздысы: кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс, халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек деп санаймыз, – дей келе, Армияны реформалауды айтты. Екі жылда.
Бұл жиында ең жоғары марапат – Халық қаһарманы атағы берілді. Марқұм Кенжебай Мәденовтің «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені ұлына табысталды.
Кенжебай Мәденов — 1943 жылы майданға шақырылып, Донбасс пен Днепрден бастап Берлинге дейін жеткен. Небәрі 20 жасында атқыштар взводын басқарған. 1945 жылдың сәуір айында Берлинді шабуылдауға қатысқанда қаруластарымен бірге Ратуша ғимаратына Жеңіс туын ілген.
Соғыс аяқталғаннан кейін Кенжебай Мәденов Гурьев облысында мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 1974 жылы қайтыс болған. 4 ұлы, екі қызы бар екен.
Иә, Екінші дүниежүзілік соғысқа 6,2 млн халқы бар Қазақ ССР-інен 1,2 млн адам аттанған. 600 мың адам майдан даласында көз жұмды. 300 мың адам із-түзсіз кетті...
500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Алайда көптеген жауынгердің ерлігі еленбей қалғанын білеміз. Кенжебай Мәденов те еленбей қалған сардар еді.
9 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруді көрді.
Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы