Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
Кейбір жүргізушілерге автосақтандыру құны өседі. Жол апатына кінәлілерге. Дәлірегі – көп жасайтындарға. Бұл, әрине, жол апаттарының сұмдық көп екеніне байланысты қабылданатын шешім. Еліміздің жолдарында адам өлімі мен жарақаттануы азаяр емес.
Бүгін ғана бейнежазба тарады: кеше Көкшетауда көлік жүргізушісі дәл алдында тұрған жаяу жүргіншіні басып, жүргінші сол жерде жан тапсырды.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Мұндай ұсынысты Қаржы нарығын реттеу жәнедамыту агенттігі енгізіп отыр. Бұл «бонус-малус» жүйесі деп аталады.Яғни,«жақсы-жаман» принципі. Жүйе қарапайым қағидаға негізделген. Жүргізуші неғұрлым ұқыпты жүріп, апат жасамаса сақтандыру құны төмен болады. Ал апатты жиі жасайтындардың полисі қымбаттайды.«Ұсынылып отырған өзгерістер сақтандыру құнын нақты жүргізушінің жолдағы іс-қимылына қарай әділ бөлуге және ұқыпты жүргізуді қаржылық тұрғыдан ынталандыруға мүмкіндік береді».Қысқаша айтқанда, жүргізушінің жолдағы тәртібіне көбірек мән беріледі.Мысалы, бұрын бәрі ортақ жүйемен есептелсе, енді әр жүргізушінің «жеке рейтингі»болады. Бұл шешімнің себебі түсінікті.Қазақстанда жол апаты көп. Сондықтан жүйені қатаңдату логикасы бар. Бірақ кейбір сарапшылар онымен келіспейді. Олар мұны жол апатын желеу етіп сақтандыру төлемінің көлемін өсірудің амалы,-деп есептейді.
Санат Нұрбай, автосарапшы:
Дәл осы «бонус-малус» системасын енгізу арқылы біз жол жүру ережесін жақсартамыз, жол апатын азайтамыз деген мәселеге мен сенбеймін. Адам әдейілеп, қасақана жасамайды ғой. Әрине, 13 санаттағы көп жүре бермейтін адамдарға бұл қолайлы болуы мүмкін. Ал бұл жерде негізінен біз халықты қарапайым халықты ойлауымыз керек. Қарапайым халық деген кім? Көшеде, мысалы 24 сағаттың 17-18 сағатын такси қызметінде жүрген жастар егер осы система енетін болса, оларға тіпті қиын болайын деп тұр.
Сарапшының пікірінше, бұл сақтандыру компанияларының табысын
арттыру үшін жасалып отыр. Өйткені, қазіргі сақтандыру тәртібі бойынша кейбір ұйымдардың
шығыны табысынан асып кетеді. Мысалы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
мәліметінше, қазір сақтандырутөлемінің орташа көлемі23 870 теңге.Мұндай
жағдайда сақтандыру компанияларына түсіп жатқан ақша шығынды төлеуге жетпейді
екен. Енді жүйе өзгерсе орташа төлем 28 130 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сонда
бұл ақша үлкенжол апаттары болғанда зардап шеккендерге лайықты өтемақы жасауға
жеткілікті болады. Айтпақшы, былтыр мәжілісте сақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы
көлемін арттыру мәселесіталқыланған. Себебі, қазір міндеттісақтандыру бойынша
ең жоғарғы өтемақы 2,3 млн теңге.Аманкелді Сейтхан, тілші:
Ауыр апаттар болғанда бұл сома түкке тұрмай қалады. Сондықтан сарапшылар сақтандыру құнын өсіргенше, керісінше, өтемақы көлемін өсірсін дегенді ұсынған. Бірақ ол бойынша әзірге шешім жоқ.Ең алдымен мынаған мән беру керек. «Бонус-малус» жүйесі бойынша 4-кластан 13-классқа дейінгі жүргізушілер үшін коэффициенттер көлемі көбейтілмек.Мысалы, 4-класстағы жүргізуші үшін бұрынғы коэфициент 0,95 пайыз болса, енді 0,97 пайызға өспек. Ал 13 класстағы жүргізуші үшін 0,5-тен 0,7-ге көбеймек.Бір қызығы мұндай жағдайда жол апатын аз жасайтын адамдарға да сақтандыру қымбаттайды.Мысалы, сақтандыру құны 50 мың теңге деп есептесек, 13 класстағы жүргізуші бұрын 0,5 коэфициентпен оны 25 мың теңгеге алатын, енді 0,7 коэфициентпен 35 мың теңгеге алады.Тағы бір өзгеріс, енді апат жасаған жүргізушілердің шығыны 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 865 мың теңгеден аспаса да, ең төменгі М класына түсіп кетсе қайта көтерілуі қиындайды. Сондай-ақ кейбір жағдайда М класына түскен жүргізушіге қосымша 20 пайыз үстеме қосылады. Мысалы, жол апаты салдарынан адам қаза тапса немесе жүргізуші мас болып апат жасаса. Бірақ сарапшылар бұл өзгеріске келіспейді.
Санат Нұрбай, автосарапшы:
Егер жол-көлік оқиғасы болса класыңыз автоматты түрде түседі. Сіз жыл сайын сақтандыру полисына бұрынғы төлеп жүрген сомаңыздан көбірек төлейсіз. Мысалы, кезінде депутаттар тағы да көтерді. Мысалы, мен жыл сайын 50 мың төлеп отырмын. Мен жол көлік оқиғасына түскен жоқпын. Сақтандыру полисі 1 тиын ақша төлеген жоқКелесі төлегенде тым болмаса 50 пайызын төлесем мен. 50 мың емес 25 мың теңге. Өйткені, жол-көлік оқиғасына түскен жоқпын, сақтандыру полисі маған бір тиын ақша төлеген жоқ, осындай жүйені енгізу керек.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Айтпақшы сарапшылар көптен айтып жүрген ұсыныс ескерілген секілді. Жаңа өзгеріс бойынша ұқыпты жүргізушілерді қосымша ынталандыру көзделген. Егер адам 5 жыл бойы 13-класста болып, мүлде апатқа жасамаса, сақтандыру компаниясы оған стандартты деңгейден төмен қосымша жеңілдік бере алады. Стандартты деңгей дегеніміз 10 пайыз. Мысалы, осы кезге дейін тек 10 пайыз ғана жеңілдік жасалатын болса, енді кейбір компаниялар одан көбірек жеңілдік жасауына болады.Тағы бір маңызды ақпарат өңірлік коэффициенттер де өзгеріп жатыр. Яғни, апат көп тіркелетін өңірлерде сақтандыру құны қымбатырақ болады. Бірақ бұл әлі бекітілген жоқ. Құжат жобасы қазір қоғамдық талқылау үшін «gov.kz»порталына жүктелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы