«TazaQazBot» Telegram чат-ботына 6 мың өтінім түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«TazaQazBot» Telegram чат-ботына 6 мың өтінім түскен

30.10.2024

«TazaQazBot»Telegram чат-ботына 6 мың өтінім түскен. Сервис «Таза Қазақстан» акциясы бойынша 5 шілдеде іске қосылған еді.

Экология және табиғи ресурстар министрілігінің хабарлауынша, тұрғындардан келіп түскен өтінімдер саябақтар мен аллеяларды, жолдарды, аумақтарды тазалау, жарықтандыру, абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, ғимарат қасбеттерін жөндеу сынды 17 санатқа бөлінген. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, аталған чат тұрғындардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға қатысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік берген. «Таза Қазақстан» экоөркениетті дамыту тұжырымдамасына сай, енді экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған камералар көбейеді.

Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

Сондай-ақ, атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған посттарының желісін кеңейту көзделген. Яғни халыққа онлайн-қолжетімділік арқылы ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.қайталама шикізат үшін бонустар есептейтін экобокстар мен фандоматтар орнату қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу