Бүгін Астанада «Жасыл экономика» үздіктерінің алғашқы республикалық форумы өтті. Шараға еліміздің әр қиырынан келген инноваторлар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Парламент депутаттары қатысты. Ұйымдастырушылар жасыл экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген өнертапқыштар мен түрлі кәсіпорындарды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, бұл бағытта қалам тербеп жүрген журналистерге сый-сияпат жасалды. Республика бойынша 45 бұқаралық ақпарат құралынан 100-ден аса өтініш келіп түскен. Олардың 15-і іріктеліп алынды. Комиссияның шешімі бойынша «Ең үздік телесюжет» номинациясы Ұлттық арнаның Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Руслан Нұрланұлына бұйырды. Сондай-ақ «Үздік бағдарлама», «Басылымдағы ең үздік мақала», «Радио бағдарлама» сияқты аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бақытжан ОМАР