ДСМ: Иркутскідегі жағдай бақылауда
Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді. Қазақстанда жағдай тұрақты. Шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық бақылау жүргізілуде. Дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ. Мамандардың айтуынша, инфекцияның Қазақстанға таралу қаупі төмен. Еске саламыз, Иркутск облысында аса қауіпті инфекция тарап жатыр деген ақпарат тарады. Алайда нақты диагноз әзірге расталған жоқ. Қазір ресейлік мамандар жағдайды зерттеп, инфекцияның қайдан шыққанын анықтап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында науқаспен байланыста болған 197 адам бар. Олардың ешқайсысынан ауру белгілері анықталмаған, зертханалық талдаулары да теріс нәтиже көрсеткен.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01