Қарағанды қаласында 1000 түп көктерек егілді
Қарағанды қаласында 1000 түп көктерек егілді. Бұл жолы Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның саябағы көшеттермен көріктене түсті. Жасыл желектерді егу – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылды. Оған 100-ге жуық белсенді қатысты. Биыл Қарағанды облысында 130 мыңнан астам ағаш егілді. Оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағы 90 мың үйеңкі, қарағай, қарағаш көшеттерімен толықты. Ал қалалар мен ауылдарда 40 мың ағаш егілді. Бұл күні Қарағандының орталық және жеңіс саябақтарында да тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сәкен Келдібаев, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Көктеректің айырмашылығы мұнда мамық болмайды. Адамдарға жайсыз жағдай жасалмайды. Және осы көктерек Қарағанды өңіріне, Орталық Қазақстанға бейімделген.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15