Депутат онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс депутаттары онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі интернет алаяқтары тыйылар емес. Магеррам Магеррамовтың сөзінше, бізде кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету ақсап тұр. Әрі отандастарымыздың жеке деректері қалай тарап кеткенін құқық органдары әлі күнге анықтай алмай отыр. Ал алаяқтардың үстінен қозғалған 85 істің 45-і тоқтаған. Күдікті ретінде есепке алынған 218 адам шетелде жүр. Мәжілісмендер алданып қалған азаматтардың саны күн санап артып келе жатқанына алаңдап отыр.
Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады. Жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарын жылдар бойы төлеп жүр. Сондықтан электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03