Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамдарды алдауға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамдарды алдауға көшті

30.09.2024

Алдаудың тағы бір жаңа схемасы пайда болды. Бұл жолы алаяқтар «Жасанды интеллектіні» пайдаланып, адамдарды алдауға көшіпті. Жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңға жуық кибералаяқтық оқиғасы тіркелген. Шекарасы жоқ киберқылмыстан қорғанудың жолдары қандай? Құзырлы орган өкілдері не дейді? 

Блогер Хәкім Мукарам Instagram желісінде бейнежазба жариялап, онда оқырмандарын сілтемеге өтуге шақырды. Сол арқылы адамдарға ақшалай сыйлықтар беретінін хабарлайды. Артынша, блогер өзінің жеке парақшасына әлдекімдер бұзып кіргенін және ол видеода өзі емес екенін айтып, оқырмандарына үндеу жолдады. Бұл - алаяқтардың әрекеті болып шыққан.

Хәкім Мукарам, блогер:

Менің Instagram парақшамды бұзып кірді. Алаяқтар өз жобаларын жүргізуде, алданып қалмаңыздар, профильдегі сілтемеге өтпеңіздер. Түсініксіз сайт. Осыны біліңіз. Полицияға арыз жазып қойдым.

Хәкім секілді блогерлер атынан жарияланған бейнежазбаларға сеніп, қалтасынан қағылған жұрт жоқ емес. Жасанды интеллект- Нейрондық желілермен дауыстық генераторларды пайдаланып, тіпті адамның келбетін видеоға қоя алады. Жасанды не шын екенін айыру қиын. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, бүгінде дәл осындай бірнеше жағдай тіркелген.

Қаныш Ашжанов, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

Күннен күнге қалыптасып барамыз. Республиканың беделді азаматтарының түрлерін көреді. Жасанды дауыстары қосылады. Көз жеткізу үшін халыққа көмек көрсету орталықтарынан шындыққа көз жеткізуге болады.

Алаяқтар жасанды интеллекттік осал тұсын айқындап берді. Цифрлық даму министрлігі озық технологияда мұндай олқылықтардың барын растады. Қазір ішкі істер министрлігімен бірлесіп, киберқылмысқа жол бермеу тетіктерін іздеп жатыр. Яғни, алдағы уақытта әккілер жасанды интеллектті пайдалана алмайтындай шаралар қабылданбақ.

Саясат Нұрбақытбек, ҚР ЦДИАӨ министрлігі жасанды интеллект инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы:

Иә, қазір өздеріңіз білетіндей, қазір желіде түрлі алаяқтық жүйелер бар. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жұмыстар жүргізілетін болады.

Егер жақын адамыңыз сізге өз нөмірінен қоңырау шалып, өз дауысымен сөйлесетін болса, сізбен нейрондық желі сөйлесіп жатқанын түсінбей де қаласыз. Видео арқылы хабарласса, жағдай тіпті қиын. Бар айла осында жатыр.

Динара Жарқынбек, тілші:

Мамандар киберқылмыскерден опық жемес үшін қырағы болу керек дейді. Сөйлесіп жатқанда күдік туатын болса, дипфэйктің әрбір қимылына, мимикасына, және айналадағы шағын заттарға мән берген жөн. Жасанды интеллектті пайдалануды үйрену де қауіптің алдын алады. Сондай-ақ жеке деректеріңізді барынша жасырып, әлеуметтік желідегі құпия сөздеріңіз мейлінше сенімді болғаны абзал. Сондай-ақ фото-видеоларды жиі жарияламасаңыз, уайымға еш себеп жоқ.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу