Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
Тәртіп сақшылары Kia маркалы автокөлікте отырған қыздың қол бұлғап, көмек сұрағанын байқап қалған. Дереу әркет еткен тәртіп сақшылары күдік тудырған көлікті тоқтатып, еркінен тыс алып қашып бара жатқан бойжеткенге араша түсті.
Осыдан кейін көліктегі азаматтардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша некеге тұруға мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Алайда бойжеткен кейін арыз жазудан бас тартқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.
Қайрат Әлекешев, ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:
Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, мән жайды анықтады. Белгілі болғандай бойжеткенді өз еркінен тыс алып кетіп бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша оны алып қашып үйлену мақсатында жолға шыққан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
09.10.2026, 17:27
Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
09.10.2026, 17:25
Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі
09.10.2026, 17:23
Ұстаздық еткен жалықпас
09.10.2026, 17:22
Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек
09.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
09.10.2026, 17:17
Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
09.10.2026, 17:15
Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
09.10.2026, 17:13