Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
Басты мақсат – әр азаматқа тең мүмкіндік беретін жүйе құру. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен соңғы отырысына қатысып, мемлекеттік басқару ісіндегі жаңа моделдің мән-мазмұнына тоқталды. Әрі барлық шақырылым депутаттарына, әсіресе қазіргі құрамға айрықша алғысын білдірді. Жиынға қатысқан Әріптесім Раушан Сайлауқызы дәл қазір тікелей эфирде тарқатуға әзір. Раушан президент тағы қандай міндеттерге тоқталды
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Бүгін тарихи сәт. Парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысы жаңа ғана аяқталды. Президент ұлт мүддесін биік қойған барлық шақырылым депутаттарына алғысын білдірді. Әсіресе түбегейлі өзгеріс жолында табанды еңбек еткен қазіргі құрамның еңбегіне ерекше тоқталды. Сонымен 3 мыңнан аса заң қабылдап, 30 жыл қызмет еткен парламент жұмысын толық аяқтады. Енді заң шығарушы биліктің жаңа дәуірі басталады. Бұл жай ғана әкімшілік реформа емес. Оның мақсаты да мағынасы да бөлек. Бәсекелестікке төтеп беретін, жаңа көзқарас, жаңа ұстаным қажет, - деді Президент. Яғни ертеңнен бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Екі палаталы Парламенттің орнына Қазақстан Республикасының жалғыз жоғары өкілді және заң шығарушы органы - Құрылтай жұмысын бастайды. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі-заң шығару процесін бір институт шеңберінде орталықтандырады, палаталар арасындағы рәсімдердің қайталануын жояды, заң жобаларын қарауды жеделдетедіЖаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай бес жылдық мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Президент алдағы уақытта құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Жиында қаузалған өзгеде тақырыптарға алдағы шығарылымда тоқталамыз.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
30.06.2026, 13:18
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07
Мемлекеттік қызметшілер вайб-кодингті меңгере бастады
30.06.2026, 10:05