«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
Жамбыл облысына биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 7 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен қаралған қаржы шаруаларға шағын кәсіп ашып, тірлігін түлетуге мүмкіндік беріп отыр.
Аймаққа арналған қаржының әзірге 1,5 млрд теңгесі 200-ден астам шаруаға
үлестірілді. Қалған бөлігі күзге дейін игерілмек. Ал биылғы талап бойынша
жеңілдетілген несие алған адам бір адамды, ал кооператив ашқан кәсіпкерлер 2-3
тұрғынды жұмыспен қамтуы тиіс. Айта кетейік, өткен жылы өңірге аталған жоба
аясында 5 млрд теңге бөлінді. 800-ге жуық жоба мақұлданды. Бүгінде несие алған
тұрғындар қайта өңдеу, жылыжай және шағын шеберхана ашу секілді 50-ге жуық
бағыт бойынша өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.
Балжан Сәрсенбекқызы, тігінші:
2,5%-дық жеңілдетілген несиені алған болатынмын. Соны алған бойда бүкіл аппаратураларымды алдым. Одан кейін осы ауылдың ішінен цех аштым. Содан бері қарай 1 жыл болыпты, 1 жыл демалыс берді бізге. 6 айдан кейін тек пайызын төледік, одан кейін бірінші төлемді енді ғана төлеп, қазіргі таңда өзімнің бизнесімді дөңгеліп отырмын ауылдың ішінде. Ауылдың тұрғындарына да ыңғайлы болды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16