Астанада экологиялық науқанға 300-ге жуық адам қатысты
Бүгін Астанаға қарасты Қарасу өзенінің жағасында экологиялық науқан өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Дүниежүзілік тазалық күнінің» аясында ұйымдастырылған. Оған 300-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында шетелдік дипломаттар, халықаралық ұйым өкілдері және қала тұрғындары бар.
Олар өзен жағасындағы қалдықтарды жинап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салды.
Алешка Симкич, Қазақстандағы еуропалық одақ өкілдігінің елшісі:
Біріншіден, біз барлық адамның қоршаған орта алдындағы жауапкершілігінің артқанын қалаймыз. Себебі жерге тасталған әрбір қоқыстың зияны бар. Екінішіден, үлкендер айналаны таза ұстауды балаларға насихаттай алады.
Дүниежүзілік тазалық күні – Эстония мемлекетінен бастау алған челлендж. Миллиондаған еріктілерді, үкіметтер мен ұйымдардың басын қосып, ірі жаһандық қозғалысқа айналған науқан Қазақстанда осымен бірнеше жыл бойы өткізіліп келе жатыр.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15